Шаһар шежіресі

Қосшығұловтың кәмпит фабрикасы

ХІХ ғасырдың аяғында Ақмола қаласында көпес Баймұхамед Қосшығұловтың кәмпит-тоқаш фабрикасы өңірге кеңінен ­танымал болған.

Байкөп (жергілікті тұрғындар оны қолының ашықтығына байланысты осылай атаған) – қазақтан шыққан тұңғыш капиталист-мил­лионер, көпес, меценат болған адам. Ол қазіргі Республика мен Абай даңғылының (бұрынғы Ленин мен Пушкин көшелері) қиылысында екі қабатты үлкен кондитерлік тағамдар дүкенін ұстаған. Онда түрлі кәмпит пен печенье, тоқаш, зефир, басқа да тәттілер сататын болған.

Билік басына большевиктер келісімен Баймұхамед пен оның отбасы, туған-туысы түгел қудалауға ұшырап, дүние-мүлкі тәркіленеді. Ал дүкен үйі кейін қалалық жарық беру мекемесінің кеңсесіне айналады.

Суретте Б.Қосшығұлов фабрикасының сыртқы көрінісі мен белгісіз суретші салған көркем картинасы.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button