Руханият

Таңжарық тағылымы

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінде белгілі жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» және «Жамбыл» сыйлықтарының лауреаты Тұрлыбек Мәмесейітпен кездесу өтіп, қабырғалы қалам­гердің қайта көркемделіп басылған «Таң­жарық» атты роман-диологиясының таныс­тырылымы болды.

Тұрлыбек ағамыз қазақ әде­бие­тіне өз соқпағымен келген жазушы. Оның «Бет­орамал», «Түсіме тау кіреді», «Бесік пен несіп», «Әулиешоқы», «Тектінің кегі», «Тау» және «Жасын түс­кен маусым» атты әңгіме-хикаят­тары әдеби сыншылар мен оқыр­­мандардың жылы бағасын алған.
Кез келген көркем сөз зерге­рінің жұртшылық ауыз толтырып айтатын сүйекті туындысы болады. Суреткердің сондай дүниесі – «Таңжарық» романы. Бұл шығармада Қытай жерінде ғұмыр кешкен айтулы ақын Таңжарық Жолдыұлының өмір жолы заман шындығымен өрілген. Кітап екі томнан тұ­ра­ды.
Шара барысында академик Сейіт Қасқабасов пен профессор Әділ Ахметов жазушының шығармашылық шеберлігі жайында сөз сөй­леп, роман-диа­логияның лентасын қиды. Сондай-ақ, Намазәлі Омашұлы, Тұрсын Сыдықов, Тұрсын Жұртбай, Қуаныш Жиенбай, Сүлеймен Мәмет секілді азаматтар кеш иесінің іргелі еңбегі туралы парасатты ой қозғады. Студенттер аталған романнан үзінді оқыса, Кенжеғали Мыржықбай тамылжытып ән салды. Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің проректоры, академик Дихан Қамзабекұлы қалам­герді «Күлтегін» ме­далімен марапаттады. Кеш соңында Тұрлыбек ағаның өзі жи­налған қауымға риза­шы­лығын білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button