Спорт
Теннисшілер тартуы

18-19 наурыз күндері «Spring Open» әуесқойлар арасындағы теннистен қайырымдылық турнирі бесінші рет өткізіледі.
Астана қаласы әкімдігі мен Қазақстан теннис федерациясының ұйытқы болуымен өтетін қайырымдылық турниріне бірнеше елден 100-ден астам әуесқой теннисші қатысады. Ондағы мақсат – инклюзивті спорт жаттығуы жобасын дамыту, ерекше балаларды тенниске тарту, теннистен әуесқой спортшылардың шеберлігін шыңдау.