#Жаңа Қазақстан

Үйлер тығыз салынбасын

Baytaq партиясының өкілдері елордада тығылыстырып салынып жатқан тұрғын үйлер мәселесін көтерді. Қазір бас қалада сондай 18 проблемалы нысан бар. Осыған орай, кеше партияның Астана қалалық филиалы атынан мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер рұқсат етілген митингке шықты.

Олар митинг арқылы осы өзекті мәселеге қоғам мен билік назарын аударуды көздеген. Соңғы 3 жылда елордада 8 млн шаршы метрден астам жерге тұрғын үй салыныпты. Ал негізінде астанада әлеуметтік нысандар мүлдем жетіспей жатыр. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы 26 мың оқушы орны жетіспеген, 49 мың бала балабақшаға кезекте тұр. Тұрғындар тіпті былтыр «жасыл аймақтарға» жаңа құрылыстар жүргізуге қарсы петиция жүргізген. Қазір оған 4500-ден астамы қол қойды.

– Біздегі көпқабатты үйлер бір-біріне тым жақын орналасқан, бұл ұят нәрсе, былайша айтқанда, ашкөздіктің белгісі. Осындай олқылыққа мүлдем төзбеу ірі қалалардағы мәслихаттарда біз басымдық беретін мақсаттың бірі болмақ. Ескі партияларға дауыс беру арқылы сіздер ескі нәтижелерді ғана қайта алатын боласыздар, – дейді Baytaq партиясының төрағасы Азамат Әміртай.

Партияның сайлауалды бағдарламасында байтақтықтар қалада үйлесімді орта құру, көгалдандыру және абаттандыру мәселесіне қатты көңіл бөледі.

– Әлеуметтік нысандар жетіспеушілігі туралы айтсақ, қазір қалада 1800 бала оқуы тиіс мектептерге 3800 бала барып жүр. Бұл педагогтарға өте үлкен жүктеме түсіріп, материалдық құралдардың тез тозуына әкеліп отыр. Соның бәрі салынып жатқан құрылыстың тым көптігінен орын алуда. Жалпы айтқанда, тығылыстыра салынған құрылыс қаланың бүкіл сәнін, сұлулығын, теңгерімін құртады, – дейді Астана қалалық мәслихаты депутаттығына аталған партия атынан үміткер Нариман Баубек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button