Қала тіршілігіҚұқық

«ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚ» ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Адам саудасы, жеңгетайлық пен притондарды ұстау фактілерінің жолын кесу, ақылы интимді қызмет көрсетумен айналысатындарды анықтау және оларды есепке тіркеу мақсатында Астана қаласы ІІД қызметкерлері елорда аумағында «Стоп-Трафик» жедел алдын-алу шарасын өткізді. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері басқа да бөлі­ністердің қызмет­кер­лерімен бірлесіп, вокзал маңындағы үйлер мен көше­лерге, сауналар мен көңіл көтеру орындарына, қонақ үйлерге рейдтік іс-шаралар өткізуде. Сонымен қатар, ақпарат құралдары мен интернет-сайттарда хабарландыру беру арқылы интимдік қызмет көрсететіндер де анықталып жатыр.

Жедел алдын алу шаралары барысында интимдік қызмет көрсететіндердің 30-ы анықталып, есепке алынды. Оның ішінде «сутенер» және жеңгетайлықтың үш фактісі анықталды.

Мәселен, «STOP трафик» жедел алдын алу шарасының барысында Астана қаласы ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері бес
мың қаражат көлемінде 22 жас­тағы қызды интимдік қызмет көрсету үшін қонақпен жолық­тырған 34 жастағы сауна әкім­шісін құрықтады.

Осыған ұқсас құқық бұзушы­лықтар тағы бірненше саунада анықталды. Аталмыш фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел алдын алу шара барысында полиция бөлімшелеріне жеткізілген азаматтар Астана қаласы Ішкі істер департаментінің есебі бойынша тексеріліп, есепке қойылып, олармен профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізілді.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button