#Жаңа Қазақстан

Жоғары білім қолжетімді болуы керек

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) барлық қазақстандық үшін тегін жоғары білім енгізуді ұсынады. Бұл білімді азаматтарымыздың шетел асуына кедергі болып, кәсіби мамандардың тапшылығына қатысты мәселені шешуге септігін тигізеді.

ЖСДП ұйымдастыруымен өткен «Білім беру жүйе­сіндегі мәселелер жөнінде» атты дөңгелек үстелде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мақсұт Насибулов:

«Кейде біздің Үкімет басқа әлемде өмір сүріп жатыр ма деп ойлап қаласың. Билік басындағылардың көші-қон саясаты концепциясын қарастырып, қазақстандық азаматтықты алғысы келетін шетелдіктер үшін шектеулер енгізгенін басқаша қалай түсіндіруге болады? Үкіметтегілердің ойынша, шетелдіктер біздің елде тұруды армандайды-мыс. Бір жағынан, тапшы мамандықтар бойынша 500 үздік маманды елімізге тарту жөнінде ойланғаны да бар. Өзіміздің азаматтарымыз шетел асып жатқанда, шетелдіктер бізге, расымен, пайдалы бола ала ма?» деп мәселе көтерді.

ЖСДП-ның бағдарламасында тегін жоғары білім қажет екені атап өтілген. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын қазақстандық мектептерден түлеп ұшатын оқушылардың 60 мыңы шетелге оқуға түседі. Оған бірнеше себеп бар: білім сапасына кері әсерін тигізетін орта және жоғары білім беру мекемелеріндегі жемқорлық және тым қымбат білім ақысы. Шетелдік жоғары оқу орындарындағы білім біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

Қазақстандағы қымбат ЖОО-ларда олигархтардың балалары ғана білім алады. Олардың шетелде де оқып жүргені – анық нәрсе. Екінің бірі түсе алмайтын Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері де, әдетте, шетелдік жоғары оқу орындарын таңдайды. Бұдан бөлек, ЖСДП білім беру мекемелерінің лицензиясын тексеру және кері қайтарып алуды ұсынады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button