Шаһар шежіресі

Жылыжай өнімдері

Бұл сурет 1980 жылы қыркүйек айында Целиноград ауданының жылыжай комбинатында түсірілген.

Қызанақ пен қиярдан мол өнім жинаған целиноградтықтар оны дер кезінде жинап алу үшін күш салуда. Жылыжайдың аға агрономы Л.Шамшуринаның айтуынша, сол жылы егілген өнімнің әр шаршы метрінен 9 келі қызанақ, 12 келі қияр жиналыпты.

«Мұның барлығы Г.Л.Юстус, М.А.Кнауб, Г.П.Пастогова, Т.В.Лукьянов, тағы басқа да озат жұмысшылардың еңбегі» дейді аға агроном.

Суретте жылыжай комбинатының жұмысшылары О.И.Мельникова мен О.К.Флендель көкөністерді іріктеуде.

Бүгінде елордада тап осындай бірнеше жылыжай бар. Оның өнімдерін қала тұрғындары жыл – он екі ай пайдаланып келеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button