Сайлау - 2021

Баршаға ортақ игі іс

Nur Otan партиясының өкілдері елордадағы №11 емхана ұжымымен кездесті. Жүздесу насихат жұмыстары аясында өтті. Кездесуде нұротандықтар емхана қызметкерлерін елдің тұрмыс сапасын арттыруға ықпал ететін сайлауалды бағдарламаның негізгі тармақтарымен таныстырды. Жиында №6 емхананың бас дәрігері ­Динара Байсеркина қатысушыларға дәрігер мамандығының мәртебесі туралы айтып берді. Қоғамда дәрігердің мәртебесі биылғы пандемия жағдайында арта түсті. Олар бар қиындықты халықпен бірге еңсеріп, өздері мен отбасыларын ойламаса да, науқастардың жағдайын жасауға тырысты.
Nur Otan партиясы медициналық-әлеуметтік көмек беруді басты міндет санайды. Осы індет кезінде партия өкілдері ел азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталған шараларға белсенді түрде араласты. Жағдайы қиын отбасыларға азық-түлік пакеттерін таратты, көмекке зәру азаматтардың бәріне қол ұшын созуға ұмтылды, – дейді ол.
Сайлаушылар тарапынан денсаулық саласын жақсартуға қатысты ұсыныстар да түсті. «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бас директоры Ерлан Сүлейменов өз сөзінде елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінің қандай болатыны дәл осы дәрігерлерге байланысты болатынын, сондықтан олардың жағдайын жасау маңызды мәселе екенін жеткізді.
«Ұлт саулығы қай деңгейде болса, қоғамның даму қарқыны да сол шамада болады. Сондықтан ел ертеңін ойласақ, алдымен дәрігерлеріміз еңбегіне қарай лайықты жалақы алуы керек. Олар тұрмысымды қалай реттеймін деп алаңдамай, тек пациенттерді емдеуді ғана ойлауы керек» деді бас директор.
Мүгедектерге арналған Орталық клиникалық госпитальдің директоры Динара Оразалина адам өмірі – басты құндылыққа айналған қазіргі кезеңде партияның қосып жатқан үлесі көп екенін алға тартты.
«Партияның сайлауалды бағдарламасында негізгі 10 сын-қатер анықталып, жазылған. Соның ішінде ең бірінші орында денсаулық сақтау саласы тұр. Бүгін біздің секторды дамыту үшін дәрігерлер мен медбикелерге қосымша ақы төленуде, медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана құрылысы жүргізілуде, медицинаға қолжетімділікті біртіндеп қамтамасыз ету жұмыстары жасалып, онкологиялық орталық пен инфекциялық аурухана құрылысы аяқталып келеді. Бұл партия жұмысының бір парасы ғана, – дейді ол.
Мәслихат депутаты Аман Аюпов болса өз тарапынан сайлаушыларды Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. «Биыл елімізде бірінше рет праймериз өткізілді, жаңа адамдар келді, партия жаңа істермен және есімдермен толықты. Қазіргі таңда мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлердің бәрі де осы іспен айналысып, сайлаушыларын сайлауалды бағдарламамен таныстыруда. Сондықтан бұл бүгінде бәрімізге ортақ іс, – деп атап өтті депутат.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button