Сайлау-2022

Парақорлықтың жазасын қатайту қажет

Президенттікке Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Шымкентке арнайы сапармен барды. Ең алдымен аймақтық сайлауалды штабқа ат басын бұрып, партия активімен кездесті. Одан кейін азаматтарды қабылдады.

Осы кездесулер барысында Нұрлан Әуесбаев ЖСДП белсенділерін өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарымен таныстырды. Құжатта еліміздегі саяси реформаларға айрықша назар аударылғанын атап өтті. Үміткердің пікірінше, «Алдымен экономика, кейін сая­сат» стратегиясы тиімсіз болып шықты. Партиялық-саяси өрісті толыққанды реформалау қажет.

Кезек күттірмейтін тағы бір өзекті мәселе – экономикаға тұсау болып отырған жемқорлық. Бұл жағымсыз құбылысты жою үшін ЖСДП-дан үміткер парақорларға қатысты жазаны барынша қатайтуды ұсынады. Н.Әуесбаевтың пікірінше, сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет.

Бюджет қаражатының бөлінуіне қатысты халықтық бақылау орнатылған кезде ғана сыбайлас жемқорлықпен күресуге болады. Нұрлан ­Әуесбаевтың пайымдауынша, ол үшін елге олигархтардың емес, халықтың түрлі топтарының қызығушылықтарын қорғайтын күшті бір палаталы Парламент қажет.

«Бұл жерде басты назарда олигархтардың қызығушылығы, мүддесі емес, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы бірінші орында тұруы тиіс деп ойлаймын. Қазіргі кезде қатардағы қазақстандықтардың кедейленуі етек алуда. Азық-түлік бағасының үздіксіз өсуі қалыпты жағдайға айналып кетті. Біз бұлардың бәріне көзімізді жұмып қарамай, қазірден бастап іс-қимылға көшуіміз керек» деді үміткер.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button