Ресми бет

Спорттағы «Ұрпақтар үні»

Астана күніне орай Студенттер саябағында «Ұрпақтар үні» жобасы аясында көше және ұлттық ойындар бойынша сайыс ұйымдастырылды.

Жарыста қала тұрғындары, жастар мен жасөспірімдер BMX (велосипедтегі мотокросс), скейтбординг, стритбол, street workout, брейк батл, роллинг, ләңгі тебу, садақ ату, асық ату сынды 15-ке жуық ойында бақ сынады. Жарысты ұйымдастырушы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Сапарәлінің айтуынша, «Ұрпақтар үні» жобасы аясындағы осындай шара екінші мәрте өткізілді. Басты мақсат – ұлттық спорт пен көше ойындары спортымен айналысатындардың басын қосу. Өткен жылы бұл жарысқа 1000-ға жуық адам жиналса, биыл одан асып, 1500-дей қатысушы болды.

Қанат Байұзақов

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button